Bugin
Фото: dzen.ru
Алматыда айналмалы әткеншектен секіріп, көз жұмған әйел қылмысы туралы әпкесіне айтқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл ақпаратты бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова айтып берді. Оның сөзінше, қызын тұншықтырып, кейін өзі айналмалы аттракционнан секіріп кеткен әйел перзентін өлтіргені туралы әпкесіне айтқан.
“Қызы Даун синдромымен ауырған. Әйел ішкі күйзеліс пен үмітсіздік жағдайында осылай істеуге шешім қабылдады. Әйел әпкесіне келіп, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Әпкесі оны тыныштандыруға тырысқанымен, ол саябаққа кетіп қалған. Күйеуі IT маманы, қаржылық жағдайы жақсы болған. Психиатр есебінде тұрмаған. Оның жан дүниесінде баласының ауруына қатысты осындай дағдарыс болған шығар. Бәлкім, әйел баласын абайсызда өлтіріп алып, содан кейін өзін кінәлі санап, осындай қадамға барған шығар", – дейді Айгүл Есімбекова.