Bugin
Фото: zakon.kz
Абай облысында көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізуші полиция қызметкерін қағып, мертіктірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК-ға сілтеп.
Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші ішімдікке сылқия тойып алған. Ол жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көзілдірік сататын дүкеннің ішіне бір-ақ кірген екен.
35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істеген.