Bugin
Фото: Aqorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Президент "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, 27 маусым күні Мемлекет басшысы "Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.