Bugin
Фото:lamirina-opt.ru
Әлемдік статистика бойынша адамның орташа өмір сүру ұзақтығы - 72 жылды құрайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Дүниежүзінде Жапония ғасырлар бойы "адамдары ең ұзақ өмір сүретін мемлекет" ретінде танылып келді. Себебі мұнда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 84,3 жас болып табылады.
Одан бөлек, бұл тізімде Швейцария мен Оңтүстік Корея да бар, Яғни, Швейцарияда адамдар орта есеппен 83,4 жыл өмір сүрсе, Оңтүстік Корея 83,3 жас орта есеп болып саналады.
Ал әлемдік статистикада қазақстандықтардың орта есеппен 75,09 жыл өмір сүретіні анықталған.