Bugin

Полиция Астана тұрғындарына үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Астана аумағына көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі 1 - 5 шілде аралығында қала маңындағы Қосшы, Қоянды, Ильинка, Талапкер және басқа да елдімекендерден елордаға баратын жолдар жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Азаматтардың қалаға кіріп-шығуына ешқандай шектеулер қойылмаған", - делінген хабарламада.

Астана Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік артылатынын ескертеді және ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.