Bugin
Фото: depositphotos
Синоптиктер Қазақстанда 29, 30 маусым және 1 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер болады.
"Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында +18+28 дейін, шығыста +20+35 дейін, оңтүстікте +23+33 дейін, оңтүстік-шығыста +16+33 градусқа дейін түседі, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.