Bugin

Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен қос жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркістан облысы Созақ ауданында 26 маусымда таңертең таудағы малды қарап келу үшін кетіп, қайта кері оралмаған кәмелетке толмаған қос бала табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Кәмелетке толмағандарды іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, құтқарушылар, 30 астам еріктілер, қызметтік иттер, сондай-ақ, дрондар мен тікұшақ жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде полиция балаларды тікұшақтың көмегімен тауып алды", делінген полиция хабарламасында.

Кейін белгілі болғандай, жасөспірімдер тауда адасып, 30-35 шақырым алыстап кеткен.