Bugin
Фото: ҚР ТЖД
Өскемен қаласында Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы гараждағы шұңқырға құлаған 40 жастағы ер адамды бетон конструкциясы басып қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ШҚО ТЖД қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, зардап шегушіге көмектесті. Ер адам есін жоғалтапаған.
"Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындар да болып, олар да зардап шегушіге көмектесуге тырысты. Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар ауыр бетонды көтеріп, ер адамды ақырын алып шықты. Одан соң оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жоғалып кеткен 2 жасөспірімнің жағдайы белгілі болғанын хабарлаған едік.