Bugin

Өзіне қол жұмсамақшы болған жүкті келіншектің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодар облысында полицейлер өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 28 маусымда сағат 06:58 шамасында “102” операторының пультіне Усолка өзенінің көпірінде әйел адамның секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келген. 

"Біз келгенде, қыз күйзеліске ұшыраған, көздері жасқа толы болып, қоршаудың артына көтерілуге үлгерген, осы уақытта біреумен эмоционалды түрде телефонмен сөйлесіп тұрған. Алыстан біз оны сөзге тартып, оған бұлай істеу дұрыс шешім емес екеніне сендірдік, туыстарының қандай жағдайда болатын түсіндіріп көрдік. Содан жанына жақындап, оның қолынан ұстап, көпірдің қауіпсіз жағына қайта көтерілуге көндірдік. Біз үшін онсыз да үмітсіз тұрған қыз баланы қорқытып алмау маңызды болды. Себебі, бір секундтың ішінде орны толмас оқиға орын алуы мүмкін еді", - деді қызмет инспекторы Ерқанат Құбайдолла.

Белгілі болғандай, жүкті әйел күйзеліске түскен. Кейін полиция оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.