Bugin
Фото: инстаграм @polisia_aqtobe
Ақтөбе облысында ер адам алаяқтық жасап, ізін суытқан, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы Ақтөбе облысында туып-өскен Буканев Василий Владимирович іздестіруде.
"Аталған іздеудегі тұлғаның жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, Ақтөбе облысының полиция департаментіне 93-61-00, 93-62-25, 7-701-380-80-30, 7-776-546-66-66, 7-708-563-38-50 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз",- делінген хабарламада.
Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінде (алаяқтық) көзделген қылмысты жасаған.