Bugin

Денесін езіп кетті: Астанада жол үстінде қайғылы оқиға болды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

28 маусымда таңертең "Керуен" сауда ойын-сауық орталығының жанында қайғылы оқиға орын алды. Сол маңдағы жолды кесіп өтпек болған қарт адам теңселе сүрініп, көліктер ағылып жатқан жолға құлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Полиция оқиғаны тергеп, болған жайттың мән-жайын анықтайтын болады.

"Біз жол қозғалысының барлық қатысушыларын өте мұқият болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, әсіресе "Керуен" СОСО сияқты көлік пен адамдары тығыз болатын жерлерде", – дейді "Сергек" жобасының өкілдері.

Желі қолданушылары қарт кісіге ауа райының ыстығы әсер еткен болуы мүмкін екенін айтты.