Спорт

Юлия Путинцева Федерация кубогінде жеңіске жетті

Федерация кубогінде Юлия Путинцева есепті теңестірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үлкен теннистен Федерация кубогінде жерлесіміз Юлия Путинцева екінші ойында жеңіске жетті. осылайша, әлемдік топқа ену үшін плей-офф матчында Ұлыбританиямен кездесіп жатқан Қазақстан құрамасы есепті теңестірді. Бірінші сетті қарсыласы Кэти Бултерге 3-6 есебімен қарсыласына беріп қойған жерлесіміз екінші сетті 6-2 есебімен жеңді. Үшінші сетте ойыны жүрмеген Юлия Путинцева 2-5 есебімен жеңіліп тұрды және 3 мәрте матчбол қайтарды. Бірақ, намысқа тырысқан жерлесіміз ойынды тай-брейкке апарып, соңында жеңіске жетеді. 

Күндізгі бөлімде басқа бір спортшымыз Зарина Диас ұлыбританиялық Йоханна Контаға 6-4, 3-6, 2-6 есебімен жеңіліп қалған еді.