Bugin
Фото: freepik.com
Төрт күндік жұмыс аптасына кімдер ауыса алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Вице-премьер Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы өзара келісімге байланысты.
"Әсіресе, туризм саласы қызметкерлері қыста төрт күн жұмыс істей алады. Бірақ әрі қарай туристер ағыны болған кезде оны 6 күнге дейін арттыруға болады. Бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы керек", -деді вице-премьер.
Сондай-ақ қызмет көрсету және қонақүй бизнесіндегі қызметкерлерге төрт күндік жұмыс кестесін таңдау тиімді.