Bugin
Фото: freepik.com
Грецияның солтүстігінде кенеттен басталып кеткен нөсер жаңбыр кезінде 13 жасар қызға жай түсті. Жасөспірім қыз оқиға орнында жан тапсырды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қыз ата-анасымен бірге шетелдік танымал Салоников аралының оңтүстік-шығысындағы демалыс аймағында Фарос жағажайында суға түсіп жүрген. Кенеттен жаңбыр жауып, қызға найзағай түскен.
Полиция қыздың ауруханаға жеткізілгенін, онда оның өлімі тіркелгенін жеткізді. Ал қыздың ата-анасы зардап шекпеген.