Bugin

Енді "Алиса" мен "Нейро" қазақша сөйлейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"Яндекс" компаниясы Қазақстан үшін "Нейро " сервисін ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Нейро" сервисі іздеу мүмкіндіктері мен үлкен генеративті модельдерді біріктіреді. Екі жарым ай бұрын бұл қызмет Ресейде іске қосылды.

Қызметті пайдаланған адам қазақ немесе орыс тілдерінде сұрақ қоя алады. "Нейро" барлық қазақ тілді және ғаламдық интернеттен ақпаратты зерттеп, оны дереккөздерге сілтемелерімен қосып, бір жауапқа жинақтайды.