Bugin

Қазақстандықтар да бар: Қырғыз елінде селден 7 адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @kg_media_news

Ош облысының Ноқат ауданында сел жүріп, 8 адам қаза тапты, оның бесеуінің денесі табылды. Бүгін аталған ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны әлі нақтыланып жатыр. 

"Ауданда төтенше жағдай жарияланды. Сел Абшыр-Ата сарқырамасы маңындағы демалыс орында жүрген. Лай көшкіні екі көпірді жауып қалған, сондай-ақ 10 бағананы бұзып, 10 ауланы су басқан. Қауіп-қатер аймағында жүздеген жеке үй-жайлар бар", - делінген хабарламада.


Сондай-ақ сел болған аймаққа іргелес орналасқан Абшыр-Ата сарқырамасындағы демалыс аймағында 1300 адам қалып қойған. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына тікұшақ жіберді.