Bugin

Алматылық оқушы Эстонияда спорттан бақ сынап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Отандасымыз Алматылық Кенжеболат Ескендір Айдынұлы Tallinn Open 2024 халықаралық жылдам кубик-рубик жинау жарысында Қазақстан елінен қатысып, бағын сынап жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ескендір — Алматы қаласы Арай мектебінің 8-сынып оқушысы. Daryn Online білім жүйесінің түлегі.

Bugin.kz

Bugin.kz

Кубик-рубик жинау жарысы 2 күнге созылады. Ескендір 10 дисциплина бойынша жарысқа қатысып жатыр:
1. 3х3х3;
2. 2х2х2;
3. Сағат;
4. Скюб;
5. 3х3х3 бір қолмен жинау;
6. Мегамикс;
7. Пирамида;
8. 4х4х4;
9. Square;
10. 3х3х3 жабық көзбен жинау.

Ескендір Айдынұлы бүгін, 30 маусым күні 3х3х3 жабық көзбен жинау сайысында қола жүлдені жеңіп алды. Жарысқа Эстония, Латвия, Финляндия, Украина елдерінен оқушылар қатысуда. Ескендір Айдынұлы Қазақстанның атынан жалғыз өзі жарысқа қатысып жатыр.

Bugin.kz

Bugin.kz
Bugin.kz
Bugin.kz