Bugin
Фото: freepik.com
Әзірбайжанның Милли мәжілісі 2024 жылдың 28 маусымында жақын туыстары арасында қиылатын некеге тыйым салатын өзгерістер енгізілгенін ескертті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Некеге кедергі келтіретін жағдайлар бойынша Кодекс баптарына екі тармақ қосылды:
1. биологиялық атасы немесе әжесі ортақ, бір кіндіктен тараған бауырлардың балалары арасындағы одақтарға тыйым салу;
2. биологиялық туыстығы бар немере ағалар мен немере әпкелер арасындағы некеге тыйым салу.
Сондай-ақ Отбасылық кодекстен дәлелді себептер болған жағдайда некеге тұрғысы келетін кәмелетке толмағандар үшін неке жасын бір жылға төмендету туралы тармақ алынып тасталды.