Bugin

Өлмек болған: Павлодар облысында полицей өзін-өзі атып жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодар облысында полицей өзін-өзі атып жіберді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады.

"Қазір полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған факті бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда", - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Сафуан Жәмпейісов.

Еске салайық, бұған дейін 21 жастағы полицей өзін абайсызда атып жібергенін хабарлаған едік.