Bugin

Танымал тележүргізуші көшеде жартылай киімсіз жүргенін жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Эйла Адамстың желідегі парақшасынан

Канадалық журналист ер мен әйел теңдігі үшін күресіп, эксгибиционист атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы russian.rt-ға сілтеме жасап.

36 жастағы тележүргізуші Эйла Адамс әлеуметтік желідегі парақшасына жалаңаштанып жүрген фотосын салды. Көшеде жартылай киімсіз жүруді қалыпты нәрсе ретінде түсіндіргісі келген БАҚ өкілі гендерлік теңдікке шақырады.

"Егер ер адамдар мына қоғамның көзқарасынан қорықпай жейдесіз жүре алса, әйелдер де солай істеуі керек", – деді журналист.