Bugin

Екі жасөспірім Нұра өзеніне батып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Қарағандыда екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға 29 маусымда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында болған. Суға батқандар-  2011 және 2009 жылғы екі қыз. Олар Нұра өзеніне батып кетті.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі екі оқушы қыз суға түсуге тыйым салынған жерде белгісіз жағдайда суға батып кеткенін мәлімдеді. Жағалаудан қыздардың жеке заттары табылған. 

"Куәгерлердің айтуынша, балалар суға батқан жердің иірімі қатты, жағадан 4 метрдей жерде тік жар бар. Оқиға орнында үш бала болған. Бір қыз жағада қалған – болған жайтты жақындарына сол қыз хабарлаған", - делінген хабарламада.