Bugin

Батыс Қазақстанда студент жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/typicaluralsk

Оралда 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Студент төрт күннен бері табылмай жатыр.

БҚО Полиция департаменті Жеткерген Жамбыловтың 27 маусым күні сағат 08.30-да "Құрылысшы" шағынауданы 30-үй 10-пәтерден шығып кеткеннен оралмағанын мәлімдеді.

"Ерекше белгілері: азиат пішіндес, бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара толстовка, сұр түсті шалбар, аяғына қара кроссовка киген. Қазіргі кезде іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оған БҚО департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Жігітті көрген, хабары бар адамдар болса, 102 телефонына қоңырау шалуы сұралады", - деп хабарлады ведомстводан.