Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына оқырманының хатын жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хатта келіншек 45 жасқа келсе де, кішкентай кезінде көрген зорлығын ұмытпағанын жазған.
"Маған 6-7 жасымда туған ағам ең бірінші тиіскен. Ағам "әжем үйге шақырып жатыр" деп алдады. Кейін үйде екеуміз ғана қалғанда тағы тиісті. Ата-анам келіп қалды. Мен жылап бәрін айтып бердім. Әкем ағамды қатты ұрды. Ағам 15 күн тұра алмай жатып қалды. Әкем тамақ та бергізбеді", - делінген хатта.
Келіншек жас кезінде болған оқиғаның әлі есінен кетпегін жазған.