Bugin
Фото: Тұрар Қазанғапов
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсызданады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Қазгидромет" РМК-қа сілтеп.
Республика аумағы бойынша 1 шілдеде жаңбыр жауады.
"ҚР аумағының басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер тұрақсыз ауа райының қалыптасуына түрткі болады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады", - делінген Қазгидромет мәліметінде.