Bugin

“Жаяу ағаш”: ғалымдар таңғажайып ағаш тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Гарет Эндрюс

Жаңа Зеландияда екі діңі аяққа ұқсайтын 30 метрлік таңқаларлық ағаш табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап. 

Сыртқы бейнесіне байланысты ағаш “жаяу ағаш” деген лақап атқа ие болды.

Ағаштың ерекше тамырлары мен ұзын бұтақтары орманды қорғайтындай болып көрінеді. Ағаштың биіктігі - 32 метр, бұл жеті қабатты ғимаратпен тең.

Белгілі болғандай, бұл сирек кездесетін Метросидер тұқымының өкілі екен. Ағаш Оңтүстік аралдағы зираттың жанындағы үлкен алаңның ортасында орналасқан. Бұл жерде бұрындары орман болған. Бірақ ол орманның ағаштары шамамен 150 жыл бұрын кесілген. “Тірі қалған” бұл ағаштың нақты жасы әлі анықталған жоқ. Метросайдтардың 1000 жылға дейін өмір сүретіні белгілі.