Bugin
Фото: freepik.com
Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады.
"Олардың ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар",- делінген хабарламада.
Сондай-ақ 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшысының да жалақысы көтеріледі.
Барлығы 3,3 мыңға жуық қызметкер қосымша ақы алады.