Bugin

Жойқын жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркияның Измир қаласында газ жарылды. Төтенше жағдай салдарынан бес адам қаза тауып, 57 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы РБК сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы провинция губернаторы Сүлейман Эльбан хабарлады. Оның айтуынша, жарылыс 30 маусымда түс ауа мейрамхана мен наубайхана орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатында болған.

Зардап шеккендер қазір ауруханада жатыр, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әзірге жарылыстың нақты себебі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Бұл ретте Түркияның Әділет министрлігінің басшысы Йылмаз Тунч прокуратура жарылысқа қатысты сот тергеуі басталғанын айтты. Ғимаратқа газ баллонын орнатқан адам ұсталды.