Bugin

Атырауда жоғалып кеткен 72 жастағы кейуананың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Атырауда қызметтік иттің көмегімен жоғалған 72 жастағы тұрғын табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Атырауда қызметтік иттің көмегімен 72 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны екі сағатта табылған. 

"30 маусым күні түскі сағат 12:30 шамасында жоғалған әйелдің ұлы “102” арнасына хабар берген. Ол сағат 9:00 шамасында Химпоселек ықшам ауданында туыстарының үйінен шығып кетіп, сол күйі хабарсыз кеткен", - делінген хабарламада. 
 

Жоғалған кейуананың психикалық ауытқуы бар екені анықталды.