Bugin
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 20 теңгеге көтеру қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ашық НҚА порталына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Алматыда қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге мөлшерінде белгіленген.
Қалалық мобилділік басқармасы 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермегенін және былтыр ғана 20 теңгеге өскенін атады. Бұл ретте, ведомство осы жылы қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жететінін атап өтті. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өсуде.