Bugin

Танымал қазақ дәрігер қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нота Ануарұлы жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz портал 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол апатынан дәрігердің жұбайы Еншібайқызы Бану да дүниеден озды. 

Нота Ануарұлы 1945 жылы 24 қазанда дүниеге келген. Ол Моңғолияның Еңбек ері атағын алған санаулы қазақтың бірі. Нота Ануарұлы Моңғолияның Мемлекет қайраткері, Халық дәрігері, Моңғолияның Еңбек сіңірген дәрігері, Дүниежүзілік Нейрохирургия федерациясының мүшесі, Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, кеңесші нейрохирург.