Bugin

“Соңғы жекпе-жек”: Головкин шаршы алаңға қайта оралады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @gggboxing

Бокстан орта салмақта әлемнің экс-чемпионы, бүгінде Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметін атқаратын Геннадий Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін өткізу үшін шаршы алаңға оралуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің танымал кәсіпқой боксшысы соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылдың күзінде шығып, төрешілердің ортақ шешімімен мексикалық Сауль Альвареске есе жіберді. Бірақ бұл айқастан соң Геннадий карьерасын аяқтайтыны туралы ресми мәлімдеме жасамады. 

"Әзірге мен бокстан кететінім туралы айтқан жоқпын. Әрі мұндай нәрсені айту менің болмысымда жоқ. Уақыт көрсетеді. Қазір менің алдымда үлкен міндет тұр. Істеп жатқан жұмысым маған өте ұнайды.  Қазіргі уақытта менің өмірімнің мәні – ол қозғалыс. Егер біреу мені шаршы алаңға шақырып, ол ұсынысы көңілден шықса, онда мен оны қабылдаймын. Сондықтан алда менің қатысуыммен бір жекпе-жектің куәсі болуларыңыз мүмкін",- деді боксшы. 

Еске салайық, боксшы  2024 жылдың ақпан айында ҰОК президенті болып сайланғанын хабарлаған едік.