Bugin

1 қыркүйектен бастап: студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы көбейетінін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Премьер-министр колледждер мен ЖОО студенттерінің шәкіртақысын арттыратын Үкімет қаулысына қол қойды.

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50 пайызға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңге, орта буын мамандары үшін 41 896 теңге болады.

Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың шәкіртақысы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды. Интернатурада оқитындарға шәкіртақы 85 376 теңге, ал резидентурада 123 122 теңге көлемінде төленеді.

Магистранттар мен докторанттарға шәкіртақы 15 пайызға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болады.