Bugin

"Қатты сағындым": қазақстандық спортшы жеңісін марқұм әкесіне арнады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @seitimova_anara

Қытайдың Макао қаласында өткен самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионатында қазақстандық Анар Сейтімова алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Анар Сейтімова бұл жеңісін марқұм әкесіне арнады. Спортшы инстаграм парақшасына жазба жариялады.

"Әке, осы алтын медальді сізге арнаймын. Жатқан жеріңіз жайлы болсын. Өте жақсы көремін. Қатты сағындым", - делінген жазбада. 
 

Анар Сейтімова жауынгерлік самбодан +80 кг салмақта бақ сынап, бірінші орын алды.