Bugin

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және қатты жел соғады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста +28+35°С, солтүстікте +20+28°С, орталықта +22+33°С, оңтүстік-шығыста +27+36°С, оңтүстікте +33+38°С дейін біртіндеп жоғарылайды", - делінген хабарламада.

Синоптиктер еліміздің батысында +35+42°С-қа дейін қатты ыстық болатынын болжады.