Bugin

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз", - деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстандағы селдің себебі анықталғанын хабарлаған едік.