Bugin

“Сен-ақ бақытты бол”: танымал ақынның тағдыры елді ойландырып қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Ақын Ханбибі Есенқараева басынан өткен қиын жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Танымал ақын Ханбибі Есенқараева "Менің өмірім" бағдарламасында күйеуі Тұрдықылыш Ізтаевпен ажырасуының себебін айтты. 

"Жасы бір ғасырдың жартысына жетіп, 30 жыл отасқан күйеуім бір келіншекпен көңіл жарастырды. Мен филармонияның директоры болып тұрғанда күйеуімді көркемдік дирижер етіп алған едім. Министрдің бұйрығын шығарып, заң бойынша жұмысқа қабылдадым. Мен іссапарда жүргенде, денсаулығым сыр беріп, ауруханаға түсіп қалдым. Сол кезде әріптестерім жолдасымның бір келіншекпен кездесіп жүргенін айтты. "Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды" деген сөз бар ғой. Күйеуімнен сұрағанда, рас екенін айтты", - дейді ақын. 

Ханбибі Есқараева айқай-шусыз ажырасып кеткенін жасырмады.

"Ешқандай ұрыс-керіссіз, үй мен көліктің кілтін беріп кеттім. "Біз тек ерлі-зайыпты емеспіз, біз доспыз, туыспыз" дедім. Ол "мұндайды қой" деп айтады деп ойлады. Мен "қой" дегеніммен, бір құлаған көңіл қоя ма?! Оның бәрін біліп тұрмын ғой. Сосын айттым "егер бір-біріңді ұнатсаңдар, мен не дейін, бақытты бол. Екеуміз де өнер адамдарымыз, біреуіміз бақытты болуымыз керек қой. Сен-ақ бақытты бол" дедім. Содан үн-түнсіз кабинеттен шығып кетті. Көз жасын алақанымен сүрткенін көрдім. Шығармашылықтың адамы ғой, жүрегі жұмсақ", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін танымал әншінің қызы заңсыз іске барғанын хабарлаған едік.