Bugin

Танымал продюсер жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Нұрлан Қоянбаевтың инста парақшасынан

Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған. 

Белгілі продюсер, актер, әзіл саласының майталманы Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясының қаржы және несие факультетінде, 2012-2015 жылдары ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада білім алған.

Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнес", "Қазақша бизнес Түркияда", "Қазақша бизнес Африкада" атты бірқатар фильмдердің продюсері.