Bugin

Қазақстанда бір облыстың шекарасы кеңейтілмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz/Атырау

Атырау облысының шекарасы кеңейтілмек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

"Ашық НҚА" заң жобаларын жария талқылау порталында Атырау облысының аумақтық шекарасын кеңейтуді көздейтін Премьер-министрдің қаулысы жарияланған.

"Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3954015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін", делінген порталда жарияланған құжатта.

Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін көпшілік талқысына ұсынылады.