Bugin

Қырғызстандағы селден қайтыс болған қазақтардың кім екені анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ШҚО әкімдігі

Қырғызстанда сел салдарынан қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ош облысында сел жүріп, көз жұмған азаматтардың ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар екені анықталды.

ШҚО әкімдігі қайғылы оқиға болған сәтте Өскемендік екі ұл мен екі қыз аналарымен бірге Қырғызстандағы туыстарына қонаққа барған.

"Бүгін қаза тапқандардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметінің мамандары жұмылдырылды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.