Bugin
Фото: alatransit.kz
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттамақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Автобустарда қолма-қол жол жүру ақысын алып тастау мүмкіндігі де қарастырылуда. Ал жолақы құнын тағы 20 теңгеге көтеру жоспарланып жатыр.
Бұл туралы қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғаммен талқылану үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланған болатын.
Айта кетейік, қоғамдық көлікте жол жүру тарифі 100 теңгені құрайды. Ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге мөлшерінде белгіленген.
"Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақытылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейді деп бірнеше рет мәлімдеді. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50%-ы болады", - делінген басқарманың хабарламасында.