Bugin

Жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mgorod.kz 

Оралда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға 1 шілде сағат 22:00-де Черекаев көшесінде болған.

БҚО полиция департаменті жолда ВАЗ-21099 көлігі мен Hyundai маркалы жедел жәрдем көлігі соқтығысқаны туралы ақпаратты растады.

Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Одан бөлек тағы бір адам ауруханаға жатқызылды.