Bugin

Қазақстандық танымал актриса дүние салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Астана қаласындағы Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы, ҚР Мәдениет қайраткері Маргарита Мухаметдиева 57 жасында қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы театрдың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Танымал актриса ұзаққа созылған аурудан қаза болды.  

"Маргарита Мұхаметдиева комедия, ертегілер, гротеск және трагедия жанрында өнер көрсетті. Маргарита Анатольевна үлкен талантқа ие болды, ол өзінің актерлік шеберлігімен, рөлге терең енуімен, театр өнеріне адал қызметімен ерекшеленді", - делінген қазанамада.


Маргарита Мұхаметдиева 1966 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 1988 жылы А.Алябьева атындағы Тобольск өнер және мәдениет училищесін бітірген. Талдықорған қаласының драма театрында қызмет етті.

1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр факультетін үздік бітірді. 1998 жылы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына қабылданды.