Bugin

Ақтауда инкассатор банктен ақша ұрлап, артынша өзін атып жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

WhatsApp мессенджерінде Ақтаудағы банктердің бірінде инкассатор ақша ұрлап, артынша қызметтік қарумен басына оқ атқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтаудың 14-шағын ауданында 1981 жылы туған инкассатор банктен 10 миллион теңгені ұрлағаны белгілі болды. Ер адам ақшаны қолды қылғаннан кейін, ғимараттың жертөлесіне барып, қызметтік қарумен басына оқ атқан.

Басылым өкілі кеше сағат 23:00-де оқиға орнына барып, полиция қызметкерлері жүргеніне көз жеткізген.