Bugin

15 шілдеден бастап қазақстандықтар мемлекеттен шамамен 1,5 млн теңге ала алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

2024 жылғы 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға екінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы business.enbek.kz сайтына сілтеме жасап.

Бастапқы капитал өз ісін бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Грант мөлшері – 400 АЕК (1 476 800 теңге).

Екінші ағынға өтінімдерді қабылдау 15-26 шілде аралығында өтеді. 

Өтініш беру үшін сізге:

  • порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
  • бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу;
  • өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Бизнес грантына кім ие бола алады:

  • тіркелген жұмыссыздар;
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);
  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.