Bugin

Көкшетауда 10 жасар бала ерлік жасағаны үшін марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Көкшетауда 10 жасар бала төтенше жағдайлар министрлігінің медалін алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ведомство мәліметінше, Ақмола облысында өрт кезінде қайсарлық танытқан Артур Гаитов марапатталды.

"Өрт шыққан кезде ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған соң бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен 10 жасар батырға "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалі табысталды.