Bugin

Ақтау әкімі қызметінен кетті: желіде тараған ақпаратқа қала әкімдігі жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Әлеуметтік желіде Ұлықбек Тналиевтің Ақтау қаласының әкімі қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Экс-әкімнің орнына Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақовтың тағайындалуы мүмкін екендігі айтылған. 

Халықпен кездесуге Ұлықбек Тналиев келмеген. Оның орнына қала әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали сөз сөйледі. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі тараған қауесеттерге байланысты жауап берді.

"Ұлықбек Тналиев демалыста", - деп қысқа қайырды әкімдіктегілер.

Бұл ретте әкімдіктің баспасөз қызметі әкімнің қызметінен кетуі туралы сұраққа жауап бермеді. 

Ұлықбек Тналиев Ақтау қаласының әкімі қызметіне 2023 жылы 20 қыркүйекте сайланған.