Bugin
Фото: freepik.com
Жетісу облысында жел ұшырып кеткен үш турист құтқарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, катамаранмен жүзіп жүрген үш азамат қайғылы жағдайға душар болайын деп қалған.
"Туристер Алакөл көлінің жағалауынан алыс жүзіп кеткен, сол сәтте желдің күшеюіне байланысты демалушылар жағалауға өздігінен жете алмады", - делінген хабарламада.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келіп, оларды жағаға жеткізген.