Bugin
Фото: pixabay
Батыс Қазақстанда 2 жасар бүлдіршін жылқының тепкісінен көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қайғылы оқиға 30 маусым күні БҚО Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында болған.
Бала өз үйінің алдында ойнап жүрген сәтінде оны жылқы теуіп, өлтірген. Бүлдіршіннің денесі 2 шілде күні жер қойнына тапсырылған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.