Bugin

Алматыда мопед тізгіндеген балалардың ата-анасы жауапқа тартылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Zakon.kz

Алматыда мыңнан астам мопед тұраққа қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған "Құқықтық тәртіп" жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасының аясында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған.

Жол тәртібін бұзғандардың басым бөлігі - электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар. Іс-шара басталғалы 4 800 мопед жүргізушісі және 5 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал кәмелетке толмағандар үшін олардың ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

"100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.