Bugin

5 баланың әкесінің ерсі әрекеті елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

13 жастағы қызға зорлық көрсеткен 5 баланың әкесіне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Адвокаттың мәліметінше, 5 баланың әкесі 22 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Ол 13 жасар қызға азғындық жасап келген. Жәбірленуші қыз – мүгедек, эпилепсия дертімен ауырады екен. Сондықтан айыпталушының азғындығы жайлы жақындары ұзақ уақыт білмеген. Бүлдіршін көріп жүрген қорлығын анасы мен әпкесіне айтып берген", - деп жазды адвокат. 

Сот процессі жабық түрде өткен.